🔰 «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
🔰Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлықпен назар аудара алады.
🔰Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Науқанға кез-келген адам қатыса алады: барлық азаматтар, еріктілер, бизнесмендер, кәсіпкерлер, меценаттар және т.б. 📌Көмек көрсетуге өз үлесімді қосамын деген жандар Тараз қаласы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебіне хабарласуыңызды сұраймыз. ☎️Байланыс телефоны 8(7262)464736
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! «Мектепке жол» республикалық акциясын іске асыруға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.