29
апрель
2022
Қамқоршылар кеңесі 2022ж
2022 жылдың 28 сәуір күні Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің директоры М.Досмаханұлы қамқоршылар кеңесі алдында 2021-2022 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар мен бюджеттен бөлінген қаржыны игерілуі бойынша есеп берді. Сонымен қоса қамқоршылар кеңесі жұмысының бағыттарымен, функцияларымен де таныстырып өтті. Қамқоршылар кеңесінің бағыттары; білім берудегі, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларға көмек көрсету. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен жұмыспен қамтылуын жақсарту екендігін баса айтып өтті.
