25
февраль
2019
11сынып оқушыларын және ата-аналарды қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен таныстыру

Мақсаты: Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау. Оқушыларды қорытынды аттесттату өткізудің жобасымен таныстыру. Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
Қорытынды аттестаттау – мемлекеттік бітіру емтиханы.
Мектептерде қорытынды аттестация 5 пән бойынша өтеді: 1. Ана тілі және әдебиеті (эссе жазу). 2. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде – орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде – қазақ тілінен (тест түрінде). 3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан). 4. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша) 5. Таңдалған пән бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тест тапсырылады.
Жазбаша және ауызша емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріліп, бағалайды.
Барлық емтихан оқу орнында – мектептерде өтеді. Аттестацияның қорытынды мерзімі министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» (2017 жылдың 30 сәуіріне дейін) бұйрығы арқылы белгіленеді – шамамен 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығы. Түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізілмек.
Аттестацияның қорытындылары туралы барлық материалдарды Ұлттық тестілеу орталығы білім басқармаларына жеткізеді. Білім басқармалары, өз кезегінде, құжаттарды мектептерге дейін жеткізеді.
ҰБТ жаңа форматы2 блоктан тұрады: 3 міндетті пән (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (қорыта білу, салыстыра білу, т.б. «Қазақстан тарихы») бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен («Математика» + «Физика», «Математика» + «География», «Биология» + «Химия», «Биология» + «География», «Шет тілі» + «Тарих», оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет + «Тарих», «География» + «Шет тілі», «Химия» + «Физика», «Тарих» + «Адам.Қоғам.Заң», шығармашылық экзамен) – 30 тапсырма.
Сауаттылық бойынша тапсырмаоқу арқылы талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау және т.б. дағдыларын тексеруге бағытталған. Сауаттылықты тексеруге арналған тапсырмалардың ҰБТ-ге енгізілу себебі – студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, оларды сараптауға, сол көздерден алынған ақпараттарды салыстыруға және тұжырымдауға тура келеді. Демек, бұл дағдылар мектеп түлегінің алдағы білім алу барысында өте қажет болады.
Бейінді пәндер бойынша тапсырмалар ұсынылған бес жауаптың ішінен тек жалғыз дұрыс жауабы бар 20 сұрақтан, сондай-ақ, көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауаптары бар 10 сұрақтан құралады. Бейінді пәндер бойынша тестілеу барысында бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтарды енгізу арқылы талапкерлердің нақты тақырыпты қаншалықты меңгергендері анық көрінеді. Сонымен қатар, бірнеше жауап варианттары бар тесттер жауаптарды тек жаттап алып, немесе болжау арқылы беруге тосқауыл болады.
Жалпы 120 сұрақ қойылады. Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды. ЖОО-на түсу үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалдырылды. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл (бейінді пәндер бойынша берілген дұрыс жауаптар есебінен). Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан 10 мамырғадейін қабылданады. ҰБТ өткізілу мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралық. ҰБТ-ді ақылы негізде тапсыру мүмкіндіктері де сақталып отыр – олар 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі. ҰБТ барысында сыналатын барлық пәндер бойынша тапсырмалар үлгілері желтоқсан айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланады.
«Алтын белгі» иегерлері, жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларының, сондай-ақ ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға бірдей негізде тапсырады. Алайда, тапсырған тест нәтижелері аталған жетістіктері жоқ талапкерлердің көрсеткіштерімен бірдей болған жағдайда, гранттарды бөлу кезінде олар басымдыққа ие болады.
Екінші кезеңде өткізілетін емтихан талапкерлерді жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау және мемлекеттік грантты бөлу үшін ұйымдастырылады. ҰБТ-ға қатысуға ниетті оқушылардан өтініштер тестілеу пункттерінде 10 наурыздан бастап 10 мамырға дейін қабылданады. Емтихан ҰБТ өткізілетін пункттерде өтеді.
Еліміз бойынша ҰБТ шамамен 20 маусым мен 1 шілде аралығында ұйымдастырылады.
Тестілеуге берілетін уақыт — 3 сағат 30 минут. Белгіленіп отырған төменгі шекті деңгей — 50 балл.
5 пәнннен жалпы 120 сұрақ (20+20+20+30+30=120 тапсырма) беріледі. Оның үшеуі міндетті пән. Ал қалған екі пәнді талапкердің өзі жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты таңдайды.
— Міндетті үш пән: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және Қазақстан тарихы пәндері. Бұл үш пән бойынша тест тапсырмалары 20 сұрақтан болады. Ал екі бейіндік пәннен 30 сұрақтан жалпы 60 сұрақ беріледі, — дейді Дина Орынова.
ЖОО-ның барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінген. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы керек. Бейінді пән ретінде математика мен физикадан берілген тапсырмаларды орындаған талапкер өз мамандығын 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар. Ал биология мен химияның сауалдарына жауап берген талапкер мамандығын 22 мамандықтың ішінен таңдай алады.