10
апрель
2023
«Жомарт түлек» жобасы.
Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп «Жомарт түлек» жобасы аясында 2023 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір айларында мұғалімдер бөлмесінде дөңгелек үстел мен орындықтар (190 мың теңге) жасалды. Мұғалімдер бөлмесіне (67 мың теңге) диспенсор алынды. Сонымен қатар, 30 туя (150 мың теңге) отырғызылды. Оқушыларға шахмат ойнауға арналған (100 мың теңге) 4 стол мен 8 орындық жасалды. Цифрлық мектеп жобасы бойынша қазақша күймен ойнайтын «Электронды қоңырау» орнатылды (200 мың теңге).



