03
май
2023
Мектебіміздің белестері.
Мектебіміздің 11 "Б" сынып оқушысы Кенжетай Бейбарыс Қырғызстан Республикасы Жалал-абад қаласында кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионатына қатысып І орынды иеленіп, белгілі титул алып келді, сондай-ақ 9 "А" сынып оқушысы Мамырхан Қайсар бокстан облыстық ашық турнирден І орын иеленіп, БОКСтан "Қазақстан Республикасы спорт шеберлігіне кандидат" спорттық разряды куәлігімен марапатталды. 11 "А" сынып оқушысы Садыков Арыстан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2023 жылы 21 сәуірде өткен ІV облыстық робототехника және мехатроника байқауының қорытындысы негізінде ТЕГІН оқу құқығының иегері болып табылып, жетекшісі Куламанова Ақмарал Асылбековна "Алғыс хатпен" марапатталды, ал 10 "А" сынып оқушысы Тілектес Дильназ бен 8 "А" сынып оқушысы Алекеш Нұрсұлтан "Жылдам жарыс" номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иеленді. Жоғарыда көрсетілген оқу орнында "Тарих және география" кафедрасы ұйымдастырған "Экология және біз" тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысып ІІ дәрежелі дипломды Қойшан Ержігіт қоржынына салса, жетекшісі Бекдуалиева Гүлназ "Сертификатпен" марапатталды. Оқушылар мен жас мамандарға бағындырар белестерің көп болсын дегіміз келеді.
