19
февраль
2022
18.02.2022ж күні мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Р.Нартаева "ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ" айлығы аясында "Жасөспірім шақ" тақырыбында 5-6 сыныптар аралығында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.
18.02.2022ж күні мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Р.Нартаева "ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ" айлығы аясында "Жасөспірім шақ" тақырыбында 5-6 сыныптар аралығында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді. Оған 5-6 сынып жетекшілері және ДҚТЖО Р.Берикова, ДТЖО А.Рахманкулова шақырылды. 📌Іс-шараның мақсаты: "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде кітап оқуға насихаттау; рухани және мәдени құндылықтарды дамыту; патриоттық-адамгершілік қасиеттерін арттыру; кітап оқуға деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Балаларға қойылған сұрақтар 📝Кітап оқуға қызығушылықтың азаю себебі не? 📝Кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру үшін не істеу керек? 📝Кітапты ғаламтор алмастыра ала ма? Осы сұрақтарға балалардан жауаптар алынды, оқушылар үлкен дайындықпен келіп, өз ойларын ортаға салып, жақсы қатысты. 📣Білімнің бастауы кітапта. Ал сол бастауға кітапқа деген сүйіспеншілікті тудыру, оқырмандарды білім дариясына бағыттап сапалы қызмет көрсету әрбір кітапханашылардың міндеті. Кітап-өмір ұстазы - біз осыған бойұсынып келеміз.
