17
январь
2025
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясындағы «Заң және тәртіп» айлық жоспарына сай «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында тәрбие сағаты.
17.01.2025ж. күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясындағы «Заң және тәртіп» айлық жоспарына сай «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында 8 «В» сынып жетекшісі Гүлнар Жамбыловна өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Баланың құқықтары - баланың заңды құқықтары. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмелеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар дегендей және көптеген мәліметтер айтылып, постер қорғалып, әр бала тақырып бойынша өз ойларын айта білді. (Мұғалім толық түсіндірді) Сынып сағатына ДҚТЖО Р.Берикова, әлеуметтік педагог Г.Жолдасбекова және аумақтық инспектор Н.Арип қатысып өз ойларын қосты.
